spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
8.3 C
Kokshetau

Жастарға арналған «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы қарқынды жалғасуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Өткен жылы Ақмола облысында 500-ден астам жас маман ауылдық жерлерге жұмыс істеуге көшкен. Олардың барлығы «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қатысушылары. ЖОО түлектері мен 29 жасқа дейінгі жастар жеңілдетілген кредиттер мен көтерме жәрдемақылар алды. Мұның бәрі ауылдардағы дәрігерлер мен педагогтардың тапшылығын шешуге көмектеседі, деп атап өтті жергілікті билік.
Екі жыл бұрын Анастасия Степанова медициналық оқу орнын бітіргеннен кейін бірден Сандықтау ауданына жұмысқа келді. Оған жас маман ретінде тұрғын үй беріліп, көтерме қаражат төленді. Анастасия ұзақ уақыт осында қалуға ниетті екенін жасырмады.

«Бұл жерде мені бірден жалпы тәжірибелік дәрігер ретінде жұмысқа қабылдап, учаске берді. Қазіргі уақытта мен Сандықтау аудандық ауруханасының терапия бөлімінің меңгерушісімін. Мұнда жеткілікті тәжірибе, көмектесіп, қолдайтын білікті мамандар бар. Сондай ақ, жас мамандарға барлық қолдау көрсетіледі»,-дейді жас дәрігер Анастасия Степанова.

Жас мамандар мен ЖОО түлектерінің ауылдарға келуі кадр тапшылығын азайтуға көмектеседі, дейді жергілікті билік. Мысалы, егер бір жыл бұрын аймақта 290-ға жуық дәрігер жетіспесе, қазір тапшылық 15% – ға төмендеді. Биылдың өзінде Сандықтау ауданына 5 дәрігер мен бірнеше медицина қызметкері келеді деп күтілуде.

«Олардың барлығы Каменское, Лесное, Максимовка және Балкашино ауылдарына жіберіледі. Әр маманға көтергіш қаражат пен тұрғын үй беріледі. Бүгінгі таңда Балкашинода дәрігерге арналған екі бөлмелі пәтер бар»,- деп мәлімдеді аудандық аурухананың бас дәрігері Айгүл Уразалинова.

Өңір билігі атап өткендей, жас мамандар үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасының артықшылықтары үлкен мүмкіндік. Мысалы, ауылдық жерлерге келген 150-ге жуық педагогтар мен дәрігерлер өз баспаналарын сатып алды. Бұл үшін оларға 1 миллиард теңгеден астам жеңілдікті бөлінді.

«Пайыздық арақатынаста білім беру саласына көрсетілетін шаралардың 73% – ы, денсаулық сақтау саласына 19% – ы және қалған мамандықтар бойынша 8% – ы тиесілі. Биыл тағы 600 маманды әлеуметтік қолдау шараларымен қамту жоспарлануда» ,- дейді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы Азамат Байқуанышев.

Бағдарлама барысында қаладан ауылға барлығы 6 мыңнан астам ақмолалық көшкен. Олардың 3,5 мыңы өздеріне баспаналы болып, ұзақ уақыт сол жерде қалуды жоспарлап отыр. Бірақ ауылдық мектептер мен медициналық пункттерде бос орындар әлі де жеткілікті. Сондықтан бағдарлама аймақта әлі де сұранысқа ие, дейді шенеуніктер.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img