spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

ОСК: Мәжіліс депутаттығына кандидат сайлауда 5%-дан аз дауыс жинаса, жарна қайтарылмайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Орталық сайлау комиссиясы кандидаттың сайлауда төлеген жарнасы қандай жағдайда қайтарылып берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ОСК мүшесі Сәбила Мұстафинаның айтуынша, кандидатқа немесе партияға сайлау жарнасын қайтару жағдайлары «ҚР Сайлау туралы» заңда жазылған.
Сайлау жарналары үш жағдайда қайтарылады. Біріншісі, егер кандидат депутат болып сайланса. Екіншісі, кандидат немесе саяси партия дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының кемінде 5 пайыз дауысын жинаған жағдайда. Үшіншіден, кандидат немесе саяси партияның партиялық тізіміне енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда жарна қайтарылады. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар да болады, – деп түсіндірді Сәбила Мұстафина брифингте.
Ал қалған барлық жағдайда сайлау жарнасы республикалық бюджетке түседі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img