spot_img
Сейсенбі, Сәуір 8, 2025
18.2 C
Kokshetau

Облыста «2022 жылдың Үздік өрт сөндіру бөлімі» анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде «Үздік өрт сөндіру бөлімі» байқауы өтті.
Бұл байқауда өрт сөндіру бөлімдері ғимараттардың сырты бойынша ғана емес, жеке құрамның кәсіби дайындығы мен жедел-қызметтік көрсеткіштері де маңызды рөл атқарды, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімдерінің өкілдері дене шынықтыру және теориялық дайындық нормативтерін тапсырды.

Айта кетейік, аталмыш байқау жылына бір рет екі кезең бойынша өткізіледі, байқаудың бірінші кезеңі өрт сөндіру депосының үй-жайларын, өрт техникасын, байланыс құралдарын, өрт сөндіру бөлімдерінің өрт-техникалық жарақтарын критерийлер бойынша бағалауды қамтиды. Байқаудың екінші кезеңі бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша бағалау ведомостарын қарауды, өрт сөндіру қызметі желісі бойынша құқықтық актілерін білу жөнінде тестілеуді өткізуді және өрт-құтқару даярлығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды.

Өткізілген байқау қорытындысы бойынша «2022 жылдың Үздік өрт сөндіру бөлімі» болып Бұланды ауданы Макинск қаласының №8 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі анықталды. Департамент бастығының орынбасары Әсет Жақсылықов Макинск қаласының №8 МӨСБ бастығы Самат Бапишевке кубок, мүсінше мен өрт сөндіру депосының қасбетіне «2022 жылдың Үздік өрт сөндіру бөлімі» белгісін табыс етті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img