spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
8.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында білім берудің арнайы ұйымдары кешенді жұмыс режиміне көшті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының ерекше қажеттіліктерге мұқтаж балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары мен мекемелері осы жылдың 18 мамырынан бастап кешенді жұмыс режиміне көшті, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіповтың тапсырмасы бойынша өткен жиын барысында өңірдің мамандандырылған және арнайы ұйымдардың қызметіндегі өткір мәселелер талқыға түсті.

Жиын барысында төтенше жағдай режимінде қашықтан оқыту форматына өткен облыстың арнайы білім беру ұйымдарының 2019-2020 оқу жылын аяқтау және келесі оқу жылына әзірлік мәселелері айтылып, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарына оқушыларды қабылдау жайы қаралды. Мұнымен қоса Ақмола облыстық прокуратураның кедергісіз қолжетімділікті құру бойынша орын алған кемшіліктерді жою да әңгіме өзегіне айналды.

Ақмола облысының арнайы білім беру ұйымдары 18 мамырдан бастап кешенді жұмыс режиміне көшті. Еліміздегі коронавирус инфекциясына байланысты пандемия кезеңінде 6 сәуірден бастап 20 мамырға дейін 261 бала психологиялық, медициналық және педагогикалық  консультациядан өтті. Ал 722 балдырған психологиялық-педагогикалық түзету мекемелерінде коррекциялық қолдау алды, – деді Бейбіт Жүсіпов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Чинсон» корей мәдени орталығының 35 жылдығы – достық пен татулықтың мерекесі

Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде «Чинсон» корей мәдени орталығының 35 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика