spot_img
Бейсенбі, Шілде 3, 2025
18.7 C
Kokshetau

Мәжіліс мандатының 30 пайызы әйелдер, жастар және мүгедек жандарға берілуі тиіс – Әбдіров

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңадан сайланатын Мәжіліс мандатының 30 пайызы әйелдер, жастар және мүгедек жандарға берілуі тиіс. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сайлау туралы» Конституциялық заңда Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың тізіміндегі әйелдер мен жастарға үшінші санат қосылды. Бұл – мүгедектігі бар адамдар. Үш санаттың жалпы квотасы 30 пайыздан кем болмауы керек», – деді Нұрлан Әбідров комиссия отырысында.
Оның атап өтуінше, бұл өзгеріс алғаш рет осы науқанда қолданылатын болады.
«Сонымен қатар бұл норма депутаттық мандатты бөлу кезінде де қолданылады. Санаттағы өкілдердің – әйелдердің, жастардың, мүгедек адамдардың саны жиынтығы бойынша партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс. Саяси партиялар өкілдерінің назарын тиісті сайлау рәсімдерін жүргізу барысында сайлау заңнамасының осы нормаларын да қатаң сақталуына назар аудартамын», – деді ОСК төрағасы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Энергетика вице-министрі Ақмола облысының тұрғындарымен газ саласындағы реформаларды талқылады

Қосшы қаласында газ инфрақұрылымын дамыту және саланы реформалау мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Құдайберген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика