spot_img
Сейсенбі, Қараша 25, 2025
2.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында мәслихаттарға 249 депутат сайланады

Сондай-ақ...оқыңыз

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында түрлі деңгейдегі мәслихаттарға 249 депутат сайланады. Қазіргі кезде кандидаттарды ұсыну жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Әсия Күштаеваның мәліметінше, соның ішінде 16-ы облыстық, 41-і қалалық, 192-і аудандық мәслихаттарға өтеді. Сонымен бірге, ҚР Парламенті Мәжілісіне 1 депутат сайланады.

Осы ретте, облыстық мәслихатқа сайланатын депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық, яғни мажоритарлық жүйе, қалған жартысы партиялық тізім бойынша. Қалалар және аудандарда толығымен мажоритарлық жүйе бойынша сайланады.

«Қазір таңда 8 ақпанға дейін жалғасатын кандидаттарды ұсыну процесі жүріп жатыр. Мажоритарлық жүйе бойынша үміткер өзін-өзі ұсыну жолын таңдай алады. Өзін – өзі ұсынушы алдымен қай сайлау округі бойынша сайлауға түскісі келетінін шешуі керек, оны тұрғылықты жері бойынша да, басқа жерде де ала алады, бірақ содан кейін ол сол жерде тіркелуге міндетті болады», – деп түсіндірді Әсия Күштаева.

Айта кетсек, бұдан бұрын Талғат Жүнісов Ақмола облысынан Сенат депутаты болып сайланған еді.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сердар Бердімұхамедов мемлекеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге қатысты Түрікменстанның ұстанымымен бөлісті

– Екіжақты күн тәртібін талқылау барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән берілді. Өзара сауда-саттық аясын кеңейту және әртараптандыру, сондай-ақ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика