spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ұлттық Банк алаяқтықпен айналысатын сайттар мен мобильдік қосымшалардың көбейгенін ескертеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұлттық Банк алаяқтықпен айналысатын сайттардың көбейгенін ескертеді. Олар өзін жеке инвестиция тарту үшін Ұлттық Банк әзірлеген бағдарлама ретінде таныстырады. Ондай «бағдарламалардың» кейбірінде мобильдік қосымша да бар.

Анықталған ресурстарда «Мемлекеттің алтын-валюта қорынан» немесе «Қазақстанның ұлттық ресурстарынан» түсетін кірісті бағдарламаға қатысушылардың пайдасына бөлу туралы жалған ақпарат орналастырылған. Сондай-ақ, Ұлттық Банк басшылығының, оның ішінде бұрынғы басшылардың атынан шындыққа сәйкес келмейтін мәлімдемелер, қолданыста жоқ лицензиялардың нөмірлері, жалған құқық белгілейтін құжаттардың скан-көшірмелері де берілген.

Мұндай ресурстарда алаяқтық әрекеттердің белгісі анық білінеді, өйткені:

Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жасамайды;

Ұлттық Банк «Мемлекеттік қорлардан» пайда табу үшін қандай да бір платформаларды әзірлеуге қатыспайды;

Байланыс құралы туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында тіркелген құқық белгілейтін құжаттар немесе тиісті лицензиялар көрсетілмеген (бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының лицензиялары бар ұйымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында «Қаржы нарығы» бөлімінде жарияланған).

Түптеп келгенде мұндай фейк сайттардың мақсаты – кездейсоқ интернет-пайдаланушының жеке деректерін жинау және ақша ұрлау.

Ұлттық Банк мұндай жарнамаларды елемеуге, керісінше, бұл контентті алаяқтық деп белгілеуге, ал жеке ақпараттың тарап кетуіне жол берілген жағдайда алаяқтық фактісі бойынша іс тексерілуі үшін тиісті өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді.

 Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img