spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

20 елді-мекеннің атауы қайта өзгертілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысындағы 100-ге жуық көше атауы қазақшаланады. Одан бөлек, 20 елдімекен мен 198 көше қайта тарихи атауын алады. Мәселен, аймақтағы Мариновка ауылы – Амантай, Ерголка – Тоқтамыс, Самарка – Бөріктал ауылы болып өзгертілмек деп хабарлады «AqmolaNews».
Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалаларының 54 көшесін қайта атау мәселесі Республикалық ономастика комиссиясына жолданды. Сондай-ақ, 32 білім ошағы мен 1 спорт мектебіне ұлы тұлғалардың есімі беріледі.

«Біз елді мекендерге қайта атау беру барысында ғылыми деректерге сүйенеміз. Омбы мұрағатынан табылған карталар негізінде жинақталған Ақмола облысының «Топоника» кітабында көптеген дерек келтірілген. Яғни біз өз жұмысымызда осы жинақты негізге аламыз. Елді мекенге қайта атау беру үшін алдымен халық арасында түсініктеме жұмыстары жүргізіледі. БАҚ және әлеуметтік желілерде ежелгі атау туралы ақпараттар толық жарияланады», – деді Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Айгүл Талпақова.

Тарихты зерделеу ең алдымен елдіктің белгісі. Ел тілегіне орай бағзы заманнан бері бабалардан мирас болып қалған қасиетті жер-су атауларын қайта түлету бүгінгі таңның ең өзекті мәселелерінің бірі,- дейді жергілікті тұрғындар

Идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендерді қайта атау кезінде берілген жаңа атау жан-жақты зерделеніп, ғылыми тұрғыдан дәлелденген болуы керек дейді сала мамандары. Себебі, сол елді мекеннің тұрғындары көп уақыттан бері құлақтарына сіңісті болған бұрынғы атауды өзгертуге қарсылық танытпағаны абзал

Камила Әбделманова, Ақмола ньюс ақпарат агенттігі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img