spot_img
Сейсенбі, Тамыз 26, 2025
26.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында «JAS AQMOLA» жастар сыйлығын марапаттау рәсімі өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыста талантты жастарды ынталандыру мақсатында түрлі қолдау шаралары қолданылады. Соның бірі жыл сайынғы түрлі конкурстар мен сыйлықтар өткізу болып табылады, деп хабарлайды «AqmolaNews» облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев «JAS AQMOLA» сыйлығының финалистерін марапаттау рәсіміне қатысты.

Жастар сыйлығын алуға барлығы 15 номинация бойынша 93 өтінім ұсынылды.

Конкурс қорытындысы бойынша комиссия шешімімен жұмыс істейтін, студент және оқушы жастар арасынан ең белсенді және талантты 15 ақмолалық анықталды.

«Жыл еріктісі» номинациясы бойынша Рүстем Мұстафин, «Шеберлік үлгісі» – Андрей Буторин, жұмысшы мамандығының үздік маманы – Вячеслав Канонов, «Медиа тұлға»- Имран Ибрагимов, үздік жастар қызметкері – Дастан Ермеков, Жасұлан Мейрамбек «батылдық пен батырлық үшін», «Жылдың it жобасы» – Оңдасын Оразов марапатталды.

Әр түрлі ұйымдар да марапатталды.  «Темірқазық» әдеби ұйымы-«Жылдың ашылуы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды, «jasulanteam» еріктілер ұйымы «Жыл оқиғасы» атағын жеңіп алды, Ең үздік жастар жобасы «Думан» Ақмола облыстық педагогикалық жасағы болып белгіленді, ал «Ар-Намыс» пікірсайыс жастар ұйымы «Жылдың жастар ұйымы»атағына ұсынылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көмір өндіруші кәсіпорындар мен ҚТЖ өңірлерге көмірдің қажетті көлемін жеткізуге дайын – Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында республиканың көмірмен қамтамасыз етілгендігі туралы баяндады. Ол атап өткендей, көмір өндіруші кәсіпорындар осы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика