spot_img
Сейсенбі, Қараша 17, 2026
-3.8 C
Kokshetau

Максим Споткай Сенат аппаратының басшысы болды

Сондай-ақ...оқыңыз

 Бүгін Максим Споткай Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды AqmolaNews.

Максим Александрович 1991 жылы туған. Білімі жоғары. Омбы мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Инженер-менеджер.

«Nur Otan» ХДП Ақсу қалалық филиалының жастармен жұмыс жөніндегі маманы, «Джей Энд Эс» халықаралық компаниясының қазақ тілі оқытушысы, «ZamandaS» Омбы қазақ мәдени-ағарту газетінің бас редакторы, «Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының бас маманы, «Павлодар облысының кәсіпорталығы» КАБ төрағасының м.а., «Павлодар кәсіпқызмет» ЖШС-нің директоры, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ жетекшісі, бас сарапшысы, «Нұр-Медиа» ЖШС медиа редакциясының басшысы, бас директорының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары болып қызмет істеген.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Фото: assembly.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшы қаласында жаңа мектеп бой көтеруде: заманауи білім ордасы 1500 оқушыға шақталған

Қосшы қаласында білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі жүзеге асырылуда. Мұнда бір ауысымда 1500 оқушыны қабылдауға қауқарлы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика