spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Коммуналдық қызметтердің төтенше жағдайларға дайындығы жақсы

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысындағы жылу желілері мен қазандықтардағы авариялық жағдайларды бақылау үшін 40-тан астам бригада мен 40 техника жұмыс істейді. Сумен жабдықтау ұйымдары бойынша апаттарды жою үшін 19 құралым және 41 техника құрылды. Сумен жабдықтаудағы үзілістер немесе халықты эвакуациялау жағдайында ауыз суды жедел тасымалдауға арналған мамандандырылған техника бар,- деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев атап өткендей, биылғы жылдың қараша айында осы іс – шаралардың соңғы легі – «Қыс-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Осы шара шеңберінде облыста төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесінің басқару органдары, күштері мен құралдары үшін жоғары дайындық режимі енгізілді. Штабтар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерінің басшылары шартты төтенше жағдайлардың туындауы туралы кіріспе ақпаратты пысықтады.

«Өткізілген оқу-жаттығу қорытындысы бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметінің басшыларына техниканың дайындығын тексеру тапсырылды: төмен температура жағдайында жұмыс істеуге, профилактикалық жұмыстарды уақтылы жүргізуге және жауапты мамандардың техникаға қызмет көрсетуіне баса назар аударылады», – деп атап өтті Данияр Қуанышбаев.

Облыстың энергиямен жабдықтаушы ұйымдары күзгі-қысқы кезеңге дайындық жоспарлары бойынша жұмыс істейді.

Олар инвестициялық бағдарламаны, күрделі жөндеу жоспарын, сондай-ақ, қосалқы станциялар мен электр беру желілерінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету кестелерін, жұмыстың басқа да қосымша түрлерін орындауды қарастырады. Жоспарланған жұмыстарды уақтылы жүргізу үшін материалдар мен қосалқы бөлшектер алдын ала сатып алынып, техника мен арнайы тетіктер дайындалады. Жоспарлы – алдын алу жұмыстары кешенінің мақсаты электр желілеріндегі технологиялық ақауларды азайту, оларды тексеру және жедел жою.

«Электр желілері бойынша авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін шамамен 250 адам мен 155 бірлік техникадан тұратын 17 аумақтық топ құрылды. «Көкшетау Энерго» ЖШС құрамында 114 адам және 57 бірлік техника бар 5 топ құрды. Жылумен жабдықтаушы коммуналдық кәсіпорындар бойынша 123 адамнан тұратын 19 құралым, 41 апаттық бригада және 41 бірлік техника құрылды. Технологиялық ақаулардың туындауы туралы қызметтерді аудан мен қала әкімдіктері жанындағы жедел желілер, 109 «i-Komek» қызметі арқылы облыс тұрғындарының өтініштері арқылы хабар аламыз. Құқық қорғау органдарының, ТЖ департаментінің, медициналық қызметтің, ПИК, ОСИ өкілдерінің және т.б. қатысуымен мессенджерлерде чаттар құрылып, белсенді жұмыс істеп жатыр», – деді Данияр Қуанышбаев.

Жалпы, облыс бойынша жылыту маусымы штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Облыстың энергостанциялары мен қазандықтарындағы отынның нормативтік қоры 100% – ға қамтамасыз етілді. Резервтік қазандықтар дайындалып, қосымша материалдар мен қажетті жабдықтар қоры құрылды. Коммуналдық қызметтердің авариялық бригадалары қауіпсіздікті  қамтамасыз ету үшін ықтимал аварияларды жоюға тұрақты дайындық жүргізіп отырады.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img