spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
2.2 C
Kokshetau

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға арналған конференция өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жобалық кеңсесі» және «Қазақстан тарихы және Рухани жаңғыру кафедрасының” ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тарихы: әділетті Қазақстан жолының берік тұғыры!» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Алқалы жиында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Кенжебаев Сабырхан Мейрханұлы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің проректоры – Медетов Нұрлан Әмірұлы сөз сөйледі.
Конференция барысында ғалымдар мынадай баяндамалар жасады. Әділеттілік жолындағы Қазақстан» Сейтқасымов Аманбай Асылбайұлы, «Алаш тағылымы және тәуелсіз руханият мәселесі» Бексейтова Ақбота Тастанбекқызы, «Қазіргі таңда жастарға адамгершілік, рухани тәрбие беру мәселелері (М.Өтемісов атындағы БҚУ мысалында)» Ихсанова Айнұр Бекжановна, тарих магистрі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті ZOOM платформасында онлайн, «Кеңістік атеизм кезеңіндегі ар-ождан бостандығы мәселесі» Төлепбергенов Ғалымтай Мәлікұлы, «Алаш қозғалысынан Желтоқсанға дейін» Өтегенов Марат Зеннатұлы, «Репрессивная политика СССР в 1940-1950гг. в отношении бывших военнопленных-казахстанцев» Шарипов Акан Аскербекович.

Ақмола облысының «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жобалық кеңсесі» жұмысына да назар аударылды. Ақмола облысының «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жобалық кеңсесі» 2021 жылда бастады. Жұмыс топтары құрылып, қуғын-сүргін құрбандарын анықтау, зерттеу, зерделеу жұмыстары мына бағыттар бойынша жүргізілуде:

1. Тәуелсіздік жолында қуғындалған күрескерлер (жеке тұлғалар, топтар, қоғамдық және саяси ұйымдар); 2. Антисоветтік қарсылық, ұлт-азаттық көтеріліс құрбандары; 3. Тәркіленген, жер аударылған бай-кулактар; 4. Ашаршылық құрбандары мен 1916-1930 жж. босқындар; 5. Күштеп ұжымдастыру және шаруашылық науқандарының (астық, ет дайындау, т.б.) құрбандары; 6. Депортация, арнайы қоныс аударылғандар; 7. 1939-1945 жж. соғыс тұтқындары; 8. ГУЛАГ жүйесіндегі лагерлерде зардап шеккен тұтқындар, олардың отбасы мүшелері; 9. Қудаланған дәстүрлі дін өкілдері.

Жұмысты жүргізу барысында Ақмола өңірі бойынша 1916-1930 жж. қуғын-сүргін құрбандарын анықтау бағытында жүргізілген жұмыста екі мәселеге назар аударылды.
1) Ақмола өңірінің әкімшілік-аумақтық бөлінісі және зерттеу географиясын нақтылау.
2) Ақмола өңірін басқару жүйесін, саяси билік және түрлі комиссиялар мен билік органдарының, олардың құрылымдарының саяси қуғын-сүргінге, адам құрбандығына әкеп соққан шешімдері, бұйрықтары, нұсқаулықтарын зерделеу.

Көтерілген мәселелердің, олардың өте ауқымды да өзекті екенін студенттер тарапынан болған қызығушылықтан, қойған сауалдарынан байқауға болатын. Тәуелсіздік тарихы, Алаш қозғалысы, саяси репрессиялар мен аштық, желтоқсан көтерілісі, тұлғалар рөлі тарихты тануда, қоғамдық сананы жаңартуда ақиқат пен әділеттілік үстем болуы қажет.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img