spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
2.2 C
Kokshetau

Өңірдегі азалы жылдар тарихы қалай зерттелуде?

Сондай-ақ...оқыңыз

Email Ақмола облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі жұмыс­тың жүргізілгеніне де бірнеше жылдан аса уақыт өтті. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі Ақмола  облысының өңірлік комиссиясы өткен жылдың басында облыс әкімінің  қаулысымен құрылған болды.  Ғалым тарихшы, Ақмола облысындағы қуғын-сүргін  құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі комиссияның координаторы Аманай Сейітқасымов бұл мәселеге қатысты бірқатар тұшымды ойларын жеткізді. Комиссия құрамындағы  зерттеушілерге  арнайы архивтердегі құпия құжаттармен жұмыс жасау үшін рұқсат берілген. Аймақтық  комиссия аясында 7 ба­ғыт бойынша жұмыс тобы құрылып, жетекшілер бекітілген.  Мұрағаттарда жұмыс істеу, ғылыми-танымдық экспедициялар мен тұр­ғындар арасында сауалнамалар ұйым­дастыру, елді мекендердегі көне көз қариялар мен өлкетанушыларды, тарихшыларды, кітапхана, мұрағат, музей қызмет­керлерін тарта отырып, саяси қуғын-сүргін құрбандары есімдерін тың деректер мен фактілерді анықтау, жалпы ауқымды іс-шаралар өткізу  бойынша жүйелі жұмыс түрінде біршама істер атқарылды.  Ақмола  облысы полиция департаментінің арнайы мемлекеттік мұ­рағаты қорында ақтауға жатпайтын тұл­ғалардың 367  ісі, қуғын-сүр­гін­ге ұшы­­раған, сот органдары ақтаған тұлға­лар­ға қатысты 3025 іс және екінші дүние жүзілік соғыс кезінде  әс­кери тұтқында болған және өз еліне қай­­­та оралған бұрынғы КСРО азаматтарының 156  ісі сақтаулы екен. Ал, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ақмола облысы бойынша басқармасының арнайы мұрағатында «Арнайы қоныс аудару және жер аударылғандардың жеке істер коллекциясы» сақтаулы. Оның ішінде арнайы қоныс аударушыларды есепке алған 36000 іс бар. Әрине, комиссия қарайтын істердің басым бөлігі Ақмола облысының мемлекеттік архивінде екені сөзсіз. Мұнда мешіттердің жойылуы, ұжымдастыру, босқындар, тәр­кілеу, ашар­шылық бойынша мыңдаған құжаттар бар. Бірақ, бәрін жүйелеп, бір арнаға салу қажет. Көріп отырғанымыздай, атқарылатын жұмыс ауқымы өте үлкен. Бұл алдағы бір­неше жылға созылатын тынымсыз еңбек деуге болады. Жобаға қатысушы ғалымдарға облыстық бюджеттен бөлінген қаражат шеңберінде еңбекақы, іссапар шығын­да­ры төленіп, сайт жасақтау, іздестіру жұмыстары мен кітаптар және жинақтар шығару, әр деңгейдегі ғылыми сараптамалар мен конференциялар өткізу  бойынша жұмыс жүруде. «Ел тарихындағы зұлматты-зобалаң жылдар қасіретін неғұрлым толық, дәлел-дәйекті ғылыми тұжырымды негізде жазылуы үшін барлық тәжірибелер мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өзіміздің тарихи-зерттеу жолымызды қалыптастыруымыз қажет. Бүгінде, осы қоғам мен мемлекетіміз үшін аса маңызды болып отырған іске барлық отандық ғалымдар жұмылдырылған. Осы ретте Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің зерттеуші ғалымдары да бір парызы мен қарыздық құны жоғары іске өз үлестерін қосуда», деді өңірлік комис­сия­ның отырысында сөйлеген сөзінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев. Оның айтуынша, өңірлік комиссияларды құрудың негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Жарлығын толық орындап, ұсыныстар әзірлеуі үшін  бүгігі күнге дейін ақтаңдақтар айдарына таңылған немесе әлі де толық зерттелмеген  деректерді, фактілерді табу, жинау, репрессияның қаншалықты, қандай деңгейде жүргендігін анықтау, жер-жердегі  қуғын-сүргін лагерьлерінің орындарын табу, құрбандардың санын, аты-жөнін анықтау, істерін қажет болса қайта қарау,  соны құжаттарды ғылыми айналымға енгізу, ақпарат жинау, талдап-сараптау болатын. Ақмола  облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Байқадамова саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия жұмысының алғашқы нәтижелерін жария етті. Мәселен, 2021 жылы өңірлік комиссияның 5 отырысы, жұмыс тобының 11 жиыны өткізілген. Саяси қуғын-сүргін мәселесіне қатысты ақпарат және жұмыс тәжірибелерімен алмасу мақсатында Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен аймақ­­тық семинар ұйымдастырылса, өт­кен жылдың қыркүйек-қазан айлары ара­лы­ғында республикалық жобалық кеңсе ұйымдастырған 11 семинарға өңірлік комиссия мүшелері қатысып, жетекші­лік ететін жұмыс тобы тақырыптары бо­йын­ша баяндама жасаған. Ал, осы жоба шең­берінде арнайы мәліметтер базасы жүк­теген www.tarich-akmo.kz тарихи та­ным­дық, ғылыми-зерттеу порталы іске қо­сылды. Бұл интернет-ресурста зұлмат жылдары бойынша барлық құжаттар, жоспарлар, нәтижелер, материалдар жинақталуда. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар мен қызығушылық та­нытқан тұлғаларға порталға кіріп онлайн сауалнама толтыру мүмкіндігі жа­салған. Қазірдің өзінде кезінде нақақтан жазалауға ұшыраған туысқандарын іздеген өтініштер алыс-жақын елдерден  түсіп жатыр. Өңірлік комиссия жұмысына жақсы бір  серпіліс – жергілікті ғалым-мамандардың Алматы, Қарағанды қалаларына екі апталық іссапары болды. Көкшетаулық зерттеушілер Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Президент архиві, Ұлттық кітапхана, Алматы қалалық мемлекеттік архиві сынды орталықтар мен архивтерде жұмыс істеп, өңір тарихына қатыс­ты тың деректермен танысты. Ғылыми іс­сапар нәтижесінде алматылық, қарағандылық  ғалым-ма­мандармен, архив қызметкерлерімен өңір тарихын зерделеу бойынша байланыс орнатылып, архивтерден 50-ден астам істер, 2500 беттей құжат көшірмесі әкелінді. Ізденіс жұмыстарының сан алуан бағытта, жан-жақты қамтылыспен жүруі оң нәтижелер берді деп айтуымызға болады. Ресми деректерге қарағанда, ҚР ІІМ Ақпараттық-сараптамалық орталығы арнайы архивінің мәліметтері бойынша, 1920-1950 жылдары Ақмола облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшырағандардың жалпы саны – 6090, соның ішінде ақталмағандар саны – 429 адам екен. Атап айтқанда, 1920-1930 жылдары облыс аумағында, күштеп ұжымдастыру кезінде қудаланған 1048-ге жуық бай-кулак пен шаруа, күштеп қоныс аударылған 36 000 адам, қудалауға ұшыраған 180 дін өкілі (150 мұсылман, 30 христиан), ІІ дүниежүзілік соғыс тұтқындары қатарынан 376 адамның тізімі бар 429 ісі жасалды. Бұл тізімді жұмыс топтары мұқият зерделеп, толық ақтау үшін Мемлекеттік комиссияға жолдайтын бо­лады. Сонымен қатар, жұмыс тобы өкіл­дері облыс аумағында саяси қуғын-сүр­гінге ұшырағандардың жерлеу орындарын, НКВД лагерьлері болған жерлерді іздестіруде. Бұл бағытта далалық экспе­дициялар мен танымдық бағыттағы іздесті­ру жұмыстары өңірдің әзірше Зеренді ауданында жүргізілді. – Қазақстанда 1927-1953 жылдары 103 мың адам жазаланып, 25 мыңдай адам атылған деген дерек айтылады. Президент жарлығы – есімдері беймәлім қалып, зұлматты жылдардың құрбандары жайлы мәліметтерді іздестіру, жинау және осы тақырып аясында ғылыми еңбектер түрінде жариялау жұмыстарына бірегей бастама болды, – деді облыс әкімінің орынбасары Айна Мүсырәлімова. Жоғарыда айтылғандай, өңірлік комиссия Көкшетау, Қарағанды мен Алматы қалаларындағы архивтерден көптеген тың дерек жинады. Біздің ойымызша  мұның бәрі барлау, қай жерде не ба­рын бағамдау. Ресей еліндегі көршілес облыстар Омбы, Орынбор, Қорған, Челябі жерлеріне де бару ойда бар. Алдағы уақыттарда осы архив­тердің бәрінде жүйелілеу қажет болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img