spot_img
Сейсенбі, Қыркүйек 17, 2024
1.2 C
Kokshetau

Парламент Сенатының депутаттығына 66 кандидат тіркелді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды тіркеу 24 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де аяқталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық сайлау комиссиясының сайтына сілтеме жасап.

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының 20 мандатына ұсынылған 130 үміткердің 66 кандидатын тіркеді.

Кандидаттардың ішінде 63 адам өзін-өзі ұсынса, үшеуін мәслихаттар ұсынған.

Тіркелген кандидаттардың ішінде 46 ер адам, 20 әйел адам бар. Оның ішінде төртеуі Парламент Сенатының қазіргі депутаты, 15-і мемлекеттік ұйымдардың қызметкері, 29-ы мемлекеттік қызметші, 13-і коммерциялық құрылымдардың қызметкері, 5-і қоғамдық ұйымдардың өкілі.

Мамандық бойынша: 3 дәрігер, 7 инженер, 8 заңгер, 1 саясаттанушы, 1 журналист, 14 мұғалім, 9 экономист, 10 ауыл шаруашылығы қызметкері және 13 басқа мамандық өкілдері.

Үміткерлердің орташа жасы – 51,8 жас.

Тіркелген кандидаттардың ең көп саны Жамбыл облысы мен Алматыда: әрқайсысы 5 үміткерден.

Абай ауданы мен Түркістан облысында 4 үміткер тіркелген. Қалған 15 облыс пен Шымкент қаласында 3 үміткер тіркелген.

Осылайша, тіркелгендердің ішінен бір мандатқа орта есеппен Парламент Сенаты депутаттығына 3 кандидат үміткер.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Акушер – медбике Жанат Әділова денсаулық сақтауға 40 жыл өмірін арнады

СҚО Айыртау ауданы Сырымбет орта мектебінің медбикесі Жанат Әділова 1976 жылдан бастап өмірін медицинаға арнады. Акушер, медбике және өз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img