spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Антикор «ДАМУ» қорының өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңнаманың нормаларын түсіндірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиалының өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында Департаменттің превенция басқармасы басшысының орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссар Шыңғыс Әкімбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманың маңызды нормалары туралы хабардар етті.
Атап айтқанда, спикер сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастылығы қағидатын қамтамасыз ету үшін квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың әлеуетті субъектілерінің шеңбері заңнамалық деңгейде кеңейтілгенін атап өтті. Мұндай субъектілерге сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде шешімдер қабылдауға уәкілетті не мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға жауапты адамдар жатады.
Сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшылары бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапты. Ал сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаларға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуға өмір бойы тыйым салынады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың алдағы 5 жылға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын белгілеуге және компания қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыруға қатысты бірқатар бастамаларды енгізу көзделген.
Бүгінгі таңда квазимемлекеттік сектор субъектілерінің комплаенс-қызметтерінің жұмысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үйлестіруші рөлі күшейтілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институты квазимемлекеттік компаниялар мен жеке секторда корпоративтік парасаттылық стандарттарының сақталуын қамтамасыз етуге жауапты.
Сондай-ақ спикер сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі туралы айтып, қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтауға шақырды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img