spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

«Көкшетауминводы» АҚ өкілдерімен бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Көкшетауминводы» АҚ басшылығымен және өкілдерімен кездесуде бизнес-ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы превенция басқармасының басшысы Жанат Тұралинов қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамадағы басты өзгерістерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тенденциясын түсіндірді.
Спикер атап өткендей, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының басымдықтарының бірі бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Осы тұрғыда Департамент адал кәсіпкерлердің құқықтарын ведомствоның өзі тарапынан да, басқа да мемлекеттік құрылымдар тарапынан да заңсыз араласудан қорғау жөнінде шаралар қабылдауда. Бизнес мүдделерін қозғайтын тергеу әрекеттерін үйлестіру алгоритмі әзірленді. Бизнес субъектілерінің проблемаларын жедел шешу және өңірдегі бизнес-ахуалды жақсарту мақсатында «Атамекен» ҰҚП-мен өзара іс-қимыл күшейтілді. Екі ведомствоның үйлесімді жұмысының арқасында бірнеше бизнес субъектілерінің проблемалық мәселелерін оң шешілді.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың соңғы 5 жылдағы тұжырымдамасында көрсетілгендей, кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау шеңберінде адал бизнес-ортаны ынталандыру өзекті болып табылады.
Осы бағыттағы пәрменді шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты ерікті түрде имплементациялау болып табылады. Сондай-ақ, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық негіздеріне оқытудың үздіксіз процесін белгілеу қажет. Кәсіпкерлік субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсынымдарға сәйкестігі оларды экономикалық және беделді ынталандыру арқылы көтермелеу шараларын қолдану үшін негіз болады.
Сонымен қатар, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін және ISO 37001 халықаралық стандартын енгізу туралы ақпарат берілді. Айта кетейік, квазимемлекеттік компаниялар мен жеке ұйымдарда корпоративтік парасаттылық стандарттарының сақталуын қамтамасыз етуге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институты заңнамалық деңгейде бекітілген.
Өз кезегінде, кәсіпорын басшылығы өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын іске асыру шеңберінде сындарлы ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Айта кетейік, «Көкшетауминводы» ЖШС – табиғи минералды су мен сусындар өндіретін ірі қазақстандық кәсіпорын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img