spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 18, 2026
14 C
Kokshetau

Сайлау учаскелерінде 20 мың сақшы қызмет атқарып жүр

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігі сайлау күнінің түске дейінгі кезеңі қалыпты жағдайда өткенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау күнінің түске дейінгі кезеңінде елдегі жағдай тыныш. Құқық қорғау органдары бүкіл республика бойынша құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде. 10 мыңға жуық сайлау учаскесінде 20 мың полиция қызметкері қызмет атқарып жүр. Одан бөлек қоғамдық орындарда 14 мыңдай сақшы жұмыс істеп жатыр», – деді Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Жандос Мұраталиев телемарафонда.

Орталық сайлау комиссиясының берген мәліметіне сүйенсек, елімізде дауыс беру құқығы бар 11 827 277 азамат тіркелген. Олар республика аумағында орналасқан 10 101 сайлау учаскесінде дауыс береді. Ал 53 шет мемлекеттегі 68 учаскеде 12 527 Қазақстан азаматына дауыс беру мүмкіндігі жасалған.
Бұған дейін ОСК кезектен тыс Президент сайлауының барысын 641 халықаралық байқаушы қадағалайтынын мәлім еткен еді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика