Ақмола облысында барлығы 717 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беру жұмыстарына Көкшетаудағы учаскелер қызу кіріскен. Айталық №48 сайлау участкесіне 2877 сайлаушы тіркелген. Таңғы 9:30ға дейін 300ге жуық адам дауыс берді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға келіп дауыс беруге барлық мүмкіндік қарастырылған. Арнайы топ ерекше қажеттілігі бар сайлаушылардың үйіне де барып, дауыс беруге мүмкіндік жасайды.
«Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауына ерекше дайындықпен кірістік. Сайлаушылырға барлық мүмкіндікті жасауға тырыстық. Жоғарыда айтылғандай мүмкіндігі шектеулі азаматтармен қажетті деңгейде жұмыстар жасалады. Алдын ала өтініш білдірген жағдайда онлайн дауыс беруге де мүмкіндік бар»,-деді №48 сайлау участкесінің төрайымы Әйгерім Қошанова.
Дауыс берушілер қарасы көп. 18 жасқа толып,алғаш сайлауға қатысып жатқандар да, зейнет жасына келген қарттарымыз да белсенді. Еліміздің дамып, өркендеуі үшін әр қазақстандық сайлауға қатысуы керек, бұл біздің азаматтық парызымыз дейді Марал Серкенбайқызы.
«Отандастарымды сайлауға қатысуға шақырамын. Әрқайсымыз елдің өркендеуі үшін үлесімізді қосуымыз қажет. Сайлаудан кейін оң өзгерістер болады деп сенемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»,-дейді Марал Мұстафина.
Қазақстан Республикасында тіркелмеген азаматтар үшін әр участкеде арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының серверлік бөлімі бар. Сол жерде сайлаушы бір күндік тіркеу алып, ел президентінің кезектен тыс сайлауына қатыса алады.
Камила Әбделманова