spot_img
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
16.1 C
Kokshetau

Нұра өзеніне батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Қорғалжын ауданында Нұра өзеніне батып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі табылып, жағаға шығарылды, деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенті облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 мамыр сағат 17:00 шамасында  2002 жылы туған А. Х. Сәрсенбек  Сабынды аулынынан 8 шақырымдағы Нұра өзенінің шомылуға рұқсат етілмеген тұсында суға батып кеткен еді.

«Судан іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару отрядының 5 қызметкері мен 1 техникасы және 1 жүзу құралы тартылды. Бүгін мамырдың 14-де таңғы сағат 07:44 шамасында оның денесі табылып, жағаға шығарылды. Анықталғандай, оның үстінде жеке құтқару құралы болған жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді тотеншеліктер.

 Өңірде 1 маусымнан бастап суға шомылу маусымы басталды.  Қазірдің өзінде су айдындарында ересектер мен балаларды жиі кездестіруге болады.

Ақмола облысының құтқарушылары жағажайларда оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп тұрады.

Профилактикалық іс-шараларға қарамастан, судағы жазатайым оқиғалар саны азаяр емес.

Өткен жылы жазғы шомылу маусымы кезінде 22 адам суға кетті. Оның ішінде 7-уі кәмелеттік жасқа толмаған бала. Оқыс оқиғаның басым бөлігі Нұра мен Есіл өзендерінде орын алады. Құтқарушылардың айтуынша адамдардың суға кетуінің негізгі себептері – белгіленбеген жерлерде, мас күйінде суға шомылғандықтан орын алады.

Көбінесе ересектер балаларын жағажайларда қараусыз қалдырады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Jas Keñes Sıylığı – 2025» жастар премиясы талқыланды

Жастардың кәсіби жетістігін қолдауға бағытталған «Jas Keñes Sıylığı – 2025» сыйлығының маңызы мен жаңашылдықтары кеңінен таныстырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика