spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
2.2 C
Kokshetau

Ақмолалық 170-ке жуық оқушы ұлттық спорт түрлерінен жарыстарға қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай ауданының Щучинск қаласында № 7 мектеп лицейінде , «Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасындағы жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сыныптар арасындағы «Бес асық», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ» ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті.

Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы.

Додаға Ақмола облысының 14 ауданы мен 3 қаласынан жалпы 17 команда қатысып, 170 оқушы бақ сынады!

«Спортшылар ұлттық спорт түрлерінен жарыста дайындық деңгейін өте жақсы көрсетті. Бес асық, асық ату, тоғызқұмалақ ойындары ерекше қызықты өтті, өйткені бұл ойын әлемдегі ең озық зияткерлік ойындармен бәсекеге түсе алатын логикалық және рухани ойын. Бұл ойынның басты артықшылығы- адамның ойлауын ерекше дамыту және ақыл-ойды жетілдіру, қолдың икемділігін, шыдамдылыққа, тәртіпке үйретеді деп»,- ұйымдастырушылар атап өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша келесі командалар жеңіске жетті:
Асық ату бойынша
І орын – Бурабай ауданы
ІІ орында – Қорғалжын ауданы
ІІІ орында – Степногорск қаласы

Бес асық жарысында
І орында – Көкшетау қаласы
ІІ орынды – Ақкөл ауданы
ІІІ орында – Біржан сал ауданы

Тоғызқұмалақ бойынша
І орын – Көкшетау қаласы
ІІ орын – Бурабай ауданы
ІІІ орында – Степногорск қаласы

Одан басқа «Сұр-мерген», «Үздік техника» , «Үздік форма» сияқты номинациялар бойнша командалық және жеке есепте спортшылар сыйлықтармен, грамоталармен марапатталды!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img