spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

ҚР ОСК төрағасының Ақмола облысына жұмыс сапары

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының тұрғындары 20 қараша күні өтетін сайлауда 738 учаскеде дауыс бере алады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Ерейментау ауданының сайлау учаскелерінде болып, сайлауға дайындық барысымен танысты. Ол учаскелердің жағдайын тексеріп, сайлау комиссияларының мүшелерімен тілдесті. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беруге арналған орындар талаптарға сай болуы және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық жағдай жасау қажеттігіне назар аударды. Яғни сайлау учаскелері пандустармен, тактильді көрсеткіштермен жабдықталуы тиіс, мұнда ым-ишара тілінің маман-аудармашылары да қатысуы тиіс. Сапар қорытындысы бойынша ОСК басшысы облыстық аумақтық сайлау комиссиясына бірқатар тапсырмалар мен ұсыныстар берді. Сондай-ақ, Нұрлан Әбдіров сайлау комиссиялары учаскелері мүшелерінің қажетті дайындығы және жергілікті жерлерде дауыс берудің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету туралы атап өтті.

-Қазір бақылаушылар мен арнайы мамандар әр-түрлі тренингтер өткізіп жатыр. Дауыс беру барысында халыққа қызмет көрсетуші әр азаматтың құқықтары мен міндеттері барын ескеруіміз қажет. Сайлау туралы Заңға сәйкес, онда бақылаушының қандай құқығы бар және ол ұстануы керек талаптар нақты жазылған. Онда кімнің не істеу керектігі туралы барлық ақпарат жазылған. Қоғамдық тәртіпті сақтайтын төраға, хатшы, бақылаушылар, полиция қызметкері де жұмылдырылады,-деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img