spot_img
Дүйсенбі, Қазан 27, 2025
0.2 C
Kokshetau

Ақмолалық оқушылар «Менің кіші Отаным» атты V Республикалық интеллектуалдық конкурсында үздік нәтижелер көрсетті

Сондай-ақ...оқыңыз

2022 жылғы 3-5 қараша аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты V Республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті. Мерейтойлық конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен 92 оқушы қатысты.
Іс-шараның мақсаты – туған ел тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы бойынша білімдерін дамыту.
Ақмола облысынан қорытынды кезеңге 4 оқушы, облыстық кезеңнің алтын медаль иегерлері қатысты.
Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 10 сынып оқушысы Ербатыр Ернияз «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі диплом иегері атанды;
Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Дәулетқызы Баян «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды;


Есіл ауданы, Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Түгел Кінәзия «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша грамотаға ие болды;
Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Дулатова Алуа «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша грамотаға ие болды.
Құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданының агрономы Асель Ағзамова Президент қолынан марапат алды

Президент Республика күніне орай бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырды. Ақмолалық агроном Асель Ағзамова ІІІ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика