spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолада мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу сапасын арттыру жұмыстары жүріп жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Іс-қағаздарын жүргізу – құжаттар дайындау және кеңсе құжаттарымен жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін қызмет саласы.

Бұл қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы  «21» желтоқсандағы 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларымен реттеледі.

Қазақ тілі заңды тұрғыда мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанымен, оның мемлекет басқару, ғылым мен техника, ұлтаралық қарым-қатынастағы рөлі әлі мемлекеттік органдардың қолдауын қажет етеді.

ҚР «Тіл туралы» заңында «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп айтылған.

Мемлекеттік органдар ресми құжаттарында сөздер мен терминдердің нақты өз мағынасында, терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі сақталмауы, бірнеше нұсқадағы терминдердің ресми тілде стандартталған тұлғасын пайдаланбайды.Сөйлем құрастыруда стилистикалық, лексикологиялық және грамматикалық қателіктердің болуы  алаңдатады.

Мемлекеттік тілде жазылған құжаттардың сапасы үшін құжатқа қол қойған сот басшысы, кеңсе меңгерушісі жауапты болатын болды.

Ұлтының мүддесі үшін құрбан болған қайраткеріміз М.Жұмабаев «Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ» деген екен. Ұлты қазақ мемлекеттік қызметкерлеріміз мемлекетттік тілді білмеуі мемлекеттің қарқынды дамуына тежеу жасауы мүмкін екенін санасымен саралап, жадында сақтауға міндетті.

 

Ақмола облысының                                                                 

мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының

 бас маман-сот отырысының хатшысы

Аян Дүйсеков

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img