spot_img
Жұма, Ақпан 13, 2026
-11.8 C
Kokshetau

Колонияларда сотталғандарды қабылдау

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары Владимир Малахов және облыс прокуратурасының бейінді Басқармасының қызметкерлері Ақмола облысы бойынша ҚАЖД басшылығының ілесіп жүруімен Гранитный кенті, 65 (тергеу изоляторы) №7 мекемесінде сотталғандарды ұстау құқықтары мен шарттарының сақталуына мониторинг жүргізу мақсатында колонияның тұрғын үй-жайларын, сондай-ақ өндірістік объектілерін аралап шықты, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі.

Байланыс құралдарымен және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру зерттелді. Сондай-ақ, сапар барысында сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүзеге асырылды.

Прокуратура қызметкерлері мекемелерде азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жаза түрлеріне қарсы Конвенцияның сақталуына ерекше назар аударды.

Сапар қорытындысы бойынша мекемеде ұсталатын сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Конституция және халық даналығы» тақырыбындағы Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Көкшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің «Конституция және халық даналығы» тақырыбындағы отырысы өтті....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика