spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 18, 2026
21.2 C
Kokshetau

Көкшетауда қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына үкім шығарылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда а.ж. 26 қазанында қаржы пирамидасы туралы резонанстық іс бойынша үкім жарияланды. «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі басшы әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі.

Осы қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ақша қаражаттарын көбейту сылтауымен жәбірленушілерді, олардың ақшасын иемденді.

Іс бойынша 30 млн. теңгеге жуық аса ірі көлемде материалдық залал келтірген 80 адам жәбірленуші деп танылды. Біздің сенімді азаматтарымыз пирамидаға 50 мың теңгеден бастап 1 млн. теңгеге дейін қаржы салған.

Сондай-ақ, сотталғандарға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды.

Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды, сот үкімі бойынша сотталғандар жәбірленушілерге барлық ақшаларды қайтаруға міндетті. Көкшетау қаласының прокуратурасы азаматтарды барынша сақ болуға және қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

2026 жылғы сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика