spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Әлихан Смайылов Қазақстанның ТМД-ға төрағалығын қорытындылады

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Астанада өткен ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысында төраға ретінде сөз сөйледі, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі Үкімет Басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Әзербайжанның Үкімет басшысы Али Асадов, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров, Ресейдің Үкімет басшысы Михаил Мишустин, Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, сондай-ақ Армения Премьер-Министрінің орынбасары Мгер Григорян және Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов қатысты.

Әлихан Смайылов өткен жылдары ТМД елдері мүдделер теңгерімін сақтай отырып, өзара сенім мен прагматизмге негізделген көп қырлы ынтымақтастыққа қол жеткізгенін атап өтті.

«Біздің өзара қарым-қатынастарымыз әлемдік экономикада қалыптасып отырған жағымсыз үрдістерді азайтуға мүмкіндік беріп, тиімді әріптестікті дамытуға ықпал етеді. Ұйым аясында қабылданған шаралардың арқасында білім беру, медициналық-әлеуметтік және азаматтық-құқықтық сипаттағы көптеген мәселелер оң шешімін тапты», — деді Премьер-Министр.

Оның айтуынша, Қазақстанның төрағалығы аясында барлық басым бағыттардағы ынтымақтастықты тереңдету бойынша нақты жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, сауда-экономикалық салаға ерекше назар аударылды.

«Өзара іс-қимыл негізінен пандемияның зардаптарын азайту бойынша келісілген шараларды жүзеге асыруға бағытталды. Бүгін біз оның нақты нәтижелерін көріп отырмыз, яғни мемлекеттеріміздің экономикалары біртіндеп қалпына келіп, іскерлік белсенділік арта түсуде», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы ТМД шеңберінде қабылданған Туындайтын проблемаларға бірлесіп ден қою шаралары тізбесінің маңызын атап өтті. Ол өзара инвестицияларды ынталандыруды, өнеркәсіп кооперациясын тереңдетуді, кедендік реттеуді жеңілдетуді, жаңа логистикалық тізбектерді қалыптастыруды және цифрлық технологияларды енгізуді көздейді.

Одан бөлек, Премьер-Министр жастар және ғылыми салалардағы байланыстарды нығайту жөніндегі қадамдардың жоғары тиімділігін атап өтті. Атап айтқанда, биыл қабылданған Перспективалы ғылыми жобалардың тізбесі ақпараттық технологиялар, наноматериалдар және гендік инженерия, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі, жаңартылатын энергетика және ғарышты зерттеу сияқты салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Оның айтуынша, ТМД кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде ақпараттық саладағы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл және мәдени-гуманитарлық саладағы, атап айтқанда, білім беру мекемелерінің желісі бойынша өзара байланыстарды дамыту бағытында белсенді жұмыс жүргізілді.

«Жалпы, Қазақстанның 2022 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық етуінің барлық жоспарланған іс-шаралары толық көлемде орындалды», — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Отырысқа қатысушылар 2023 жылы Беларусь Республикасында II ТМД елдерінің ойындарын өткізу және Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ескерту және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді қабылдау мәселелерін талқылады.

Шара қорытындысы бойынша делегация басшылары бірқатар құжаттарға қол қойылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img