spot_img
Сенбі, Ақпан 28, 2026
-25.8 C
Kokshetau

Ақмолада өрт сөндіру кезінде ерлі-зайыпты екі адамның мәйіті табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін таңғы жетілер шамасында Щучинск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен шыққан өрт ерлі-зайыпты екі адамның өмірін жалмады, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес таңғы 07-13-де Бурабай ауданының өрт сөндіру қызметкерлері оқиға орнына жеткен.

Жедел өрт сөндірушілер барған кезде ас бөлмесінен шыққан өрт сыртқы дәліз бен төрт пәтерлі үйдің шатырына да шарпып кеткен екен. Өкінішке орай өрт шыққан ас бөлмеден екі адамның мәйіті табылды. Олар ерлі-зайыпты адамдар екені анықталды. Отағасы Роман Майструк  «Богви» шаруашылық серіктестігінде жұмыс істеген. Жұбайы үй шаруасында әйел болға. Өрттің аумағы 50 шаршы метр аумақты қамтыды. Жарты сағат шамасында өрт толықтай сөндірілді, – деді төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Алексей Советов.

Бір-ақ сәтте ата-анасынан айырылып қалған қыздары Анна Майструк кеше кешкісін таныстарына қонаққа кеткен. Қызының айтуынша, әке-шешесі үйінде спиртті ішімдіктер ішіп, қатты мас күйде болған. Қыз ата-анасының үйінде ылғи темекі шегетінін де жайып салыпты. Үйлерінде өрт болып ата-анасының қайғылы қазаға ұшырағанын Анна таңертең өзіне телефон соққан көршілерінен естіген.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Конституциялық реформаның мазмұнын тереңірек түсінуге және оның ел дамуына әсерін пайымдауға мүмкіндік берді

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Конституциялық реформа — негізгі өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Шараның  мақсаты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика