spot_img
Сәрсенбі, Қыркүйек 2, 2026
5 C
Kokshetau

Президент сайлауында алғаш рет тәуелсіз бақылаушы боламыз – адвокат

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұл туралы Қазақстанның жас адвокаттары мен заңгерлері альянсының мүшесі Сергей Шигрин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, алдағы Президент сайлауында алғаш рет тәуелсіз бақылаушы ретінде заңгерлер тартылады.

Біз қоғам мен билік арасында диалог құруға тырысамыз. Біз нақты кандидаттарды қолдамаймыз және насихат жұмыстарымен айналыспаймыз. Халық тек кандитаттарға ғана емес, сайлауды өткізу процедурасының өзіне де сенуі тиіс. Сондықтан біздің міндетіміз барлық заңнамалық реформалардың қолданыстағы деңгейде болуынан тұрады, – деп атап өтті заңгер.

Сонымен қатар ол Альянс заңгерлері сайлау процесінің әділдігін қадағалайды деп сендірді.

Қауымдастығымыз жақында ғана құрылды. Қай сайлау учаскесін бақылайтынымызды анықтаймыз. Қоғамдық бірлестік атынан сенімхат болады. Барлық учаскені бақылай алмайтынымыз түсінікті. Қаладағы негізгі сайлау учаскелерінде бақылаушы боламыз деп ойлаймын, – деді Сергей Шигрин.

Еске сала кетейік, 20 қараша күні елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді.  21 қазан күні сағат 18:00-ден кейін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Бизнеске 100 игі іс»: Ақмола облысында әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылуда

Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында прокуратура органдарының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика