spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
13.4 C
Kokshetau

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова: 200-дей азаматтың қолын өзім жинадым

Сондай-ақ...оқыңыз

Президенттіктен үміткер Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын Орталық сайлау комиссиясында тіркетуге қажетті дауыс жинау үшін өзі де ел арасына шыққанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуелі ол өзін президент сайлауына кандидат ретінде ұсынған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігіне алғыс білдіріп, сенімдерін ақтайтынын жеткізді.

«Мен президент сайлауына үміткер ретінде соңғы күні құжат өткізгенімізді білесіздер. Оған дейін өңірлердің бәрін аралап, менің кандидатурамды ұсынған аналардың бәрімен кездесіп, шалғайдағы ауылға дейін барып, «Мен шынында да да лайықпын ба» деген сұраққа жауап іздедім. Содан кейін барып мен құжат тапсыру туралы шешім қабылдадым», – деді ол ОСК кулуарында.

Үміткер өзін кандидат ретінде тіркеуге қажет дауысты негізінен «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің жергілікті филиалдары жинағанын атап өтті.

«Бұл ұжымның біздің 20 өңірде филиалдары бар. Ауылдағы аналар, аталар, әкелер ұйымдары, жас азаматтар бәрі мені танығаннан кейін қол жинауға үлкен үлес қосты. Әрине, менің өзімнің де парақты алып, дауыс жинауға шыққан кездерім болды. Штабтағы үйлестіру жұмысына көңіл көбірек бөлгеннен кейін бір 200-дей қол жинадым», – деді Салтанат Тұрсынбекова.

Еске салсақ, ОСК Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын мақұлдаған еді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика