spot_img
Жексенбі, Қазан 12, 2025
-3.8 C
Kokshetau

Президент сайлауы: Салтанат Тұрсынбекова кандидат ретінде ресми тіркелді

Сондай-ақ...оқыңыз

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбековаға кандидат куәлігін тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясында ҚР Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекованы тіркеу мәселесі қаралып, ОСК мүшелері үміткердің кандидатурасын қабылдау туралы шешім қабылдады.

«Орталық сайлау комиссиясының аппаратына Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованың ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді Қазақстан Халық банкіне арнаулы шотты ашу үшін дереу жіберуді және кандидаттың тіркелгені турлы хабарды БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованы ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді», – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

ОСК мәліметі бойынша, аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары ҚР Президенттігіне кандидатты қолдауға сенім білдірілген адамдар еліміздің 18 өңірінде 119316 азаматтың қолдарын жинағанын тіркеген. Оның ішінде 119316 қол тексерілді, 118 434 сенімді деп танылды.

Еске салсақ, ОСК Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын мақұлдаған еді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында 100 мың шаршы метрден астам аумақты тазартты

Ақмола облысында Қазақстан Президенті бастамашылық еткен биылғы ең ауқымды экологиялық шаралардың бірі – «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Бұл күні...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика