spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолада 85 сауда орны алкоголь өнімдерін заңсыз сатып келген

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 85 сауда орнының иесі алкоголь өнімдерін заңсыз сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, Ақмола облысында 5 мыңға тарта адам маскүнемдікке салынған.

Тәртіп сақшылары аса ауыр қылмыстар мен жол-көлік оқиғаларының негізінен алкогольді ішімдіктің салдарынан болғанын алға тартты.

Тек биылғы жылдың өзінде ішімдік түрлерін заңсыз сатқан 85 сауда нүктесінің иесі жауапкершілікке тартылып, лицензиялары тоқтатылды. Күн сайын полиция қызметкерлері жасырын жолмен ішімдік сатып, пайда тауып жүргендерді анықтауда. Бұл бір жағынан көлеңкелі бизнеске тосқауыл қойса, екіншіден түрлі бұзақылықтар мен тұрмыстық қылмыстардың алдын алады, – дейді полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Мұнымен қоса тек жыл басынан бері ғана қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін 3962 ақмолалық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, көлікті мас күйінде жүргізген 287 жүргізуші полицияның құрығына ілініп, айыппұл төлеген.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img