spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-11.8 C
Kokshetau

Ақмолалық жастар «JASTAR KERÝENI» жобасы аясында Тараз қаласына барды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасымен келе жатқан республика күніне орай және қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының басымдықтарын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 10 – 15 қазан аралығында Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі Тараз қаласының тарихи нысандарымен ақмолалық жастарды таныстыратын «Жастар керуені» жобасы іске асырылды.

Делегация құрамы Ақмола облысының жастар ұйымдарының көшбасшылары, белсенділері мен волонтерлерден және жастармен тікелей жұмыс атқаратын мекеме қызметкерлерінен құрылған.

Тараз – Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі және екі мың жылдық тарихы бар. Айша бибі кесенесі – Орталық Азияның бүкіл аумағында ғана емес, ЮНЕСКО-ның адамзаттың аса құнды тарихи және сәулет ескерткіштерінің тізіміне енген оюлы терракоталарға тап болған жалғыз ескерткіші.

Жоба барысында Ақыртас этно-тарихи кешені, «Тектұрмас» этно-тарихи кешені, «Шахристан» тарихи-мәдени кешені, Әулие-ата мешіті, Қарахан Кесенесі, Ерте ислам мешіті, Қали Жүніс моншасы, Ғашықтар аллеясы, Жеңіс саябағы, Тұңғыш Президент саябағы, Қазақ хандығының 550 жылдығының монументі, Айша бибі Кесенесі, Бабажа-қатын кесенесі нысандарын аралады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img