spot_img
Сенбі, Мамыр 30, 2026
20.7 C
Kokshetau

Көкшетау бір күн бойы электр энергиясынан ажыратылады деген ақпарат жалған болып шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Әлеуметтік желілерде «KEGOC» акционерлік қоғамының Көкшетау қаласындағы бас электр станциясында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Көкшетау қаласында 14 мамыр күні таңғы 9.00-ден кешкі 21.00-ге дейін электр энергиясы ажыратылады деген ақпарат жалған болып шықты, – деп хабарлайды «Aqmola news».  

Бұл туралы «Көкшетау Энерго Орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мәлім етті.

Құрметті «Көкшетау Энерго Орталығы» ЖШС тұтынушылары! Әлеуметтік желілерде және Whatsapp мессенджерінде электр энергиясын берудің шектелетініне қатысты таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Хабарландыруда көрсетілген «Энергопромкомпания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі компаниясы біздің ұйымға ешқандай қатысы жоқ. Аталған компания вокзал маңы, Бірлік шағын ауданы тұтынушыларын ішінара және Станционный кентіне толықтай қызмет көрсетеді. Ал, «Көкшетау Энерго Орталығы» ЖШС тұтынушыларына электр энергиясын беруде шектеу болмайды, – деді энергияны тарату кәсіпорнынан.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде және  Whatsapp мессенджерінде электр энергиясын таратудың шектелетіні туралы ақпарат тараған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау полицейлері қала тұрғындарына қоқыс тастау мен қоғамдық орындарда ішімдік ішу үшін жауапкершілік барын ескертті

Көкшетау қаласындағы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары күн сайын қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін тіркеп отыр. Әсіресе рұқсат етілмеген орындарға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика