Ақмола облысы «Науан Хазірет» орталық мешіті Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы техногендік апаттан зардап шеккендерге қол ұшын созу мақсатында өңір тұрғындарын қайырымдылық шарасына қатысуға шақырады,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Бұл ақпарат мешіттің баспасөз қызметінен алынды.
Ақмолалық жұртшылық та асар жасап, қиын жағдайда үйсіз-күйсіз қалған отбасыларға көмектесуге өз үлестерін қоспақ ниетте.
Сауаптар еселеніп жазылатын қасиетті Рамазан айында шамамыз келгенше садақа етіп, 100 тг болсын 1000 тг болсын, шамамыз келгенше көмек берейік ағайын. Ең жоқ дегенде дұға етіп, осы ақпаратты достарыңызбен бөлісу арқылы игі істің таралуына өз үлесімізді қосайық. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын ,-делінген мешіттің nasihat_kz инстаграм парақшасында.
Егер сіз Мақтарал жұртына қаржылай көмек бергіңіз келсе, төмендегі ақпаратқа сүйенуіңізге болады.
CASPI GOLD;
51 69 4931 21 04 31 63
ЖСН: 940327 3015 17
Қосымша ақпарат үшін
8708 896 80 29 Дәулет Қайратұлы