spot_img
Бейсенбі, Мамыр 15, 2025
32.6 C
Kokshetau

Ақмолалық құтқарушылар жоғалған балықшыларды екі күн бойы іздестіруде

Сондай-ақ...оқыңыз

Екі тәулік бойы сүңгуірлер Аршалы ауданы Астана су қоймасында жоғалып кеткен балықшыларды іздеуде, – деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 10 қазанында Астана су қоймасында моторлы қайықпен балық аулау кезінде белгісіз жағдайларда 1972 және 1975 жылы туған Теміртау қ. тұрғындарының жоғалып кеткендігі туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылар, полицейлер, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер жұмылдырылған. Іздеу жұмыстары барысында жартасты жерлерде жағадан 500 метр қашықтықта балықшыларсыз моторлы қайық табылған.

«Теміртау қаласынан Астана су қоймасында балық аулауға келген ер азаматтардың біреуі түнге қарай көлікте ұйықтап кеткен. Таңертең ол екі досын таппаған соң құтқарушылар көмегіне жүгінген болатын. Сүңгуірлер күндізгі уақытта жұмыс істеуде және де бұл аймақ квадрокоптердің көмегімен тексерілуде. Суда және жағада іздестіру жұмыстары жүргізілуде», – деді Аршалы ауданы ТЖ бөлімінің бастығы Марлен Бабаев.

Ақмола облысының ТЖ Департаменті балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады (мас күйінде балық ауламау және суда болған кезде құтқару кеудешелерін кию).

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында 2024–2025 жылдардағы жылу маусымының қорытындысы шығарылды: өрт саны азайды, алдын алу шаралары күшейтілді

Ақмола облысында 2024–2025 жылдардағы жылу беру маусымы өз мәресіне жетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, есепті кезеңде өрт саны...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика