spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-6.3 C
Kokshetau

Қазақстанда қайталама тұрғын үй бағасы 25,9%-ға өсті

Сондай-ақ...оқыңыз

2022 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың қыркүйегіне дейінгі аралықта пәтер бағасы қайталама нарықта 25,9%-ға, бастапқы нарықта 17,7%-ға өсті, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2022 жылдың қыркүйегінде тұрғын үйдің шаршы метрінің орташа бағасы бастапқы тұрғын үй үшін 426 813 теңгені және қайталама тұрғын үй үшін 474 877 теңгені құрады.

Өңірлер бойынша бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар Ақтөбеде – 32,5% – ға, Қостанайда – 27%-ға, Астанада – 26,6% – ға, Өскеменде – 25,3% – ға, Көкшетауда-20,3% – ға, Ақтауда-19,3% – ға айтарлықтай қымбаттады. Бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағаның аз мөлшерде өсуі Павлодарда – 0,9% – ға және Талдықорған-1,8% көлемінде байқалды.

Қайталама тұрғын үй нарығындағы баға өсімі бойынша Қызылорда – 45%, Ақтөбе – 44,3%, Өскемен-40,4%, Талдықорған – 38,8%, Ақтау және Астана – 38,4% көш бастап тұр. Ал төменгі өсім бойынша Түркістан – 12,2%, Атырау -13,3% тіркелді.

Фото: krisha.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img