spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
16.2 C
Kokshetau

Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттары тапсырылды – ОСК

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде құжаттары ұсынылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарында былай деп жазылған:

«2022 жылғы 7 қазанда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына сәйкес, сондай-ақ «2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат етіп ұсыну туралы келесі құжаттары ұсынылды:

  1. «AMANAT» партиясы, Қазақстан Халық партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы», «Ардагерлер ұйымы», «QAZAQSTAN TEAM», «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі», «Генералдар кеңесі», «Қазақстандық спортшылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестіктерінің жоғары органдары отырыстарының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамаларынан үзінді көшірмелері;
  2. Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы, өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
  3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
  4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  5. Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері».

 

 

https://www.inform.kz/kz/prezidenttikke-umitker-kasym-zhomart-tokaevtyn-kuzhattary-tapsyryldy-osk_a3988100

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында 2024–2025 жылдардағы жылу маусымының қорытындысы шығарылды: өрт саны азайды, алдын алу шаралары күшейтілді

Ақмола облысында 2024–2025 жылдардағы жылу беру маусымы өз мәресіне жетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, есепті кезеңде өрт саны...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика