spot_img
Бейсенбі, Сәуір 16, 2026
1.2 C
Kokshetau

Нұрлан Әуесбаев: Сайлауалды бағдарламамыз дайындалып жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан (ЖСДП) президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев сайлауалды бағдарламасының таяу арада дайын болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең дамыған, мысалы Еуропаның Дания, Финляндия, Германия, Ұлыбритания, Франция, Нидерланд елдері социал-демократиялық идеологияның принциптерімен жұмыс істеп жатыр. Біз де сол бағытты ұстанамыз», – деді Нұрлан Әуесбаев бүгін Орталық сайлау комиссиясына президенттікке кандидат ретінде тіркелу үшін құжаттарын тапсырғаннан кейін.

Сонымен қатар ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты барысында ЖСДП-ның 19-съезінде өзін партияластары 5 кандидаттың ішінен алдағы кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде таңдап алғанын айтты.

«Соған орай жұмысшы тобы құрылды. Сол топ біздің сайлауалды бағдарламамызды дайындап жатыр. Аяқталуға жақын. Дайын болғанда өздеріңізге таныстырамыз», – деді ол.

Айта кетейік, бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізген еді.

https://www.inform.kz/kz/nurlan-auesbaev-saylaualdy-bagdarlamamyz-dayyndalyp-zhatyr_a3987985

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңға жуық тұрғын қатысқан ауқымды экоплоггинг өтті

Биыл Қосшы қаласы қала мәртебесін алғанына бес жыл толуын атап өтуде. Бұл шешім елді мекеннің дамуына серпін берген стратегиялық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика