spot_img
Сенбі, Шілде 18, 2026
19.3 C
Kokshetau

Қолдаушылар форумы: Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне сенім артқандарға ризашылығын білдірді

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының қатысуымен қолдаушылар форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиында халықтық коалиция Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ұсынды.

Форумда еліміздегі түрлі саяси партиялар мен республикалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері алдағы президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады.

Мемлекет басшысы форумда сөз сөйлеп, өзіне сенім артқаны үшін шараға қатысушыларға ризашылығын білдірді.

Форумға AMANAT, «Ақ жол», Қазақстан Халық партиясы секілді саяси партиялардың және 30-дан астам республикалық қоғамдық ұйымның атынан екі мыңнан астам өкіл қатысты.

https://www.inform.kz/kz/koldaushylar-forumy-kasym-zhomart-tokaev-ozine-senim-artkandarga-rizashylygyn-bildirdi_a3987677

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында қылмыс 24 пайызға азайды: алаяқтық төмендеп, цифрлық қауіпсіздік күшейіп келеді

Ақмола облысында биылғы алты айда қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді. Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, өңірде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика