spot_img
Сәрсенбі, Қараша 26, 2025
4.2 C
Kokshetau

Президент сайлауы: Ұлттық волонтерлік желісі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұлттық волонтерлік желісі кезектен тыс президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаев кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін елордада ұлттық волонтерлік желісінің жиыны өтті. Аталған жиында еліміздің волонтерлер қауымы 20 қарашада өтетін президент сайлауына кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты бірауыздан ұсынды.

«Осы жылдар ішінде Мемлекет басшысы волонтерлік саладағы барлық маңызды бастамаларды қолдап келеді. Сондай-ақ волонтерлер мен волонтерлік ұйымдардың қызметін және еңбегін жоғары бағалады. Президент волонтерлерге үлкен сенім артады, Мемлекет басшысының қолдауы бізді шабыттандырады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген сенім мандатымыз еліміздің көркеюі мен халқымыздың мүддесі үшін бағытталған. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың жемісін барша қазақстандық көріп отыр. Біздің Президентіміз волонтерлік қозғалысты қолдайды, ендеше біз де өз Президентімізді қолдаймыз», – деді ұлттық волонтерлік желісінің төрағасы Вера Ким.

Оның айтуынша, бүгінде елімізде 200 мыңнан астам волонтерді қамтыған 600-ден астам волонтерлік ұйым жұмыс істейді.

https://www.inform.kz/kz/prezident-saylauy-ulttyk-volonterlik-zhelisi-kasym-zhomart-tokaevtyn-kandidaturasyn-usyndy_a3986886

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Право потребителя на возмещение морального вреда

Приобретая товары или услуги, потребитель вправе ожидать надлежащее качество и уважительное отношение. Однако на практике случаются ситуации, когда его...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика