spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
20.2 C
Kokshetau

Ақмолалық азамат мас күйінде туған анасын кірпішпен ұрып өлтірген

Сондай-ақ...оқыңыз

2 қазанда Көкшетау қаласының полициясына қарт әйелдің қайтыс болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Қоңырау шалушы өзін жәбірленушінің баласы ретінде таныстырып, полицейлерге болған оқиғаның өз нұсқасын айтты. Болжам бойынша 92 жастағы зейнеткер құлап қалып, өлімінің себебіне сәйкес келмейтін жарақат алған.
Ақпаратты тексеру және барлық жағдайларды анықтау үшін аталған мекен – жайға жедел-тергеу тобы барды. Криминалист оқиға болған жерді тексеріп, ал тергеушілер мен жедел уәкілдер қайғылы оқиғаның жалғыз куәгері – зейнеткердің 62 жастағы ұлынан сұрақтарға жауап алды.
Алдын ала тергеу барысында полиция жарақаттар құлаудан емес, бас аймағына соққылардан болғанын анықтады. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде құқық қорғау органдары зейнеткердің ұлының қылмысқа қатысы бар екенін анықтады, ол анасына кірпішпен өлім соққыларын жасаған.
Ақмолалық жасаған әрекетін мойындады және кейінірек түсіндіргендей, қайғылы күні анасы екеуінің арасында оның ішімдік ішкендігінен жанжал туындаған. Ұрыс барысында ол анасына кірпішпен бірнеше рет соққы жасаған, ал салдарын түсінген кезде өзі полицияға қоңырау шалып, дәрігерлерді шақырып, бәрін жазатайым оқиға етіп көрсетуге тырысқан.
Осы факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдікті ұсталып, тергеу кезеңінде қамауға алынды.

 

Фото: informburo.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img