spot_img
Жұма, Шілде 31, 2026
21.6 C
Kokshetau

Әуезовтың «Абай жолы» романы әзербайжан тілінде жарық көрді

Сондай-ақ...оқыңыз

Халықаралық Түркі академиясы Алматы қаласында өтіп жатқан Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Мұхтар Әуезов мұрасы және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында «Абай жолы» роман эпопеясының әзербайжан тіліндегі жаңа басылымын таныстырды, деп хабарлады Egemen.kz.

Алғаш рет роман 1954 жылы бауырлас әзербайжан тілінде аударылып, Баку қаласында жарық көрген еді. Биыл Түркі академиясы «Абай» романын толықтай қазіргі әзербайжан әліпбиіне түсіріп, заңғар жазушының 125 жылдық мерейтойына орай басып шығарып отыр.

Әзербайжан оқырмандарымен қайта қауышқан роман-эпопея Әзербайжан Республикасының кітапханалары мен ғылыми ұйымдарына таратылады.

Романда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі арқылы қазақ халқының кеңестік кезең қарсаңындағы бүтін бір дәуірі жан-жақты бейнеленген. Аталған туынды әлемнің 120-дан астам тіліне тәржімаланған.

 

Фото: informburo.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Мәселемізге құлақ асты»: Ақмола тұрғындары «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің өкілдеріне не айтты

«Әділет» партиясының «Әділетті Қазақстан үшін» атты партиялық жобасының мобильді керуені бес күн бойы Ақмола облысын аралады: партия өкілдері 527...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика