spot_img
Сенбі, Тамыз 16, 2025
19.2 C
Kokshetau

Ақмолалық полицейлерге жолдағы көмегі үшін алғыс айтылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Instagram-дағы direct ведомстволық парақшасына алғыс сөздерін тәртіп сақшылары көрсеткен көмегі үшін жүргізуші жазды. Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінен 24 қыркүйегіне қараған түні «Астана-Петропавл» автожолының 157 шақырымында «Ауди 100» маркалы көліктің дөңгелегі жарылған. Жүргізуші қолында қажетті құралдар болмағандықтан ақаулықты өздігінше жоя алмаған. Өтіп бара жатқан көліктерден көмек сұрау әрекеттері сәтсіз болып, жүргізуші 112 жедел телефонына қоңырау шалған. Диспетчерлер жол жиегінде тұрған автокөлік туралы ақпаратты полицейлерге жолдады.
ПД ППБ «Тұлпар 17» экипажының қызметкерлері ақауы бар көлік тұрған жерге келіп, қажетті көмекті көрсетті. Көлікте жүргізушіден басқа оның жұбайы, кәмелетке толмаған ұлы және досы болған. Тәртіп сақшылары келген сәтте шетелдік көліктің жүргізушісі мен жолаушылары қатты тоңып қалған. Аға лейтенант Мұратов Бахтияр мен полиция лейтенанты Қабдуалиев Айбол дөңгелекті шешіп, автокөлік иесінде болған жаңа дөңгелекке ауыстырған. Тәртіп сақшыларына көмек көрсеткені үшін алғыс айта отырып, «Ауди» Петропавл қаласына жолын жалғастырды.

 

Фото: kp.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика