spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылған жүргізуші тағы да мас күйінде рөлге отырды

Сондай-ақ...оқыңыз

23 қыркүйекте сағат 03:20 шамасында «Әскер 2» экипажының қызметкерлері қызмет көрсететін учаскеде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Зеренді ауданының 42 жастағы тұрғынының басқаруымен «Toyota Ipsum» маркалы автокөлігін тоқтатты.
Жүргізуші Абай-Ғабдуллин көшелерінің қиылысындағы патрульдік көлікті көрген жүргізуші өзінің іс-қимылымен тәртіп сақшыларының назарын аударды. «Бағдаршамның рұқсат беретін сигналы жанған кезде көлік орнынан қозғалмады», – дейді қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Жұмаенов Бекзат. Полицейлердің сол жаққа бұрылғанын көріп, жүргізуші бірден орнынан қозғалды. Әуезов көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында автокөлікті қуып жеткен полицейлер көлікті тоқтатты. Сыртқы белгілері бойынша жүргізуші мас күйінде болған. Аға лейтенанттар Б. Жұмаенов пен А. Аманбай жүргізушіні көлік құралын басқарудан шеттетіп, медициналық куәландырудан өтуді ұсынды. Сараптама тағайындалды. Деректер базасы бойынша тексеру кезінде аталған азаматтың 2020 жылғы қаңтарда 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі «көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Фото: arnapress.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img