spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында тілдер мерекесіне орай ауқымды іс-шаралар өткізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

22 қыркүйек – тілдер күні. Елімізде жыл сайын тілдер күніне байланысты іс-шаралар өткізіледі. Ал биылғы жылы өткізіліп жатқан тілдер мерекесі бұрыңғысынан өзгеше.Оның ерекшелігі – ономастикалық жұмыстардың қарқынды жүргізілуінде.Яғни, атауы орысша мекендерге  тарихи фактілер мен ерекшеліктеріне сай қазақша атау беру. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында Қосшы қаласында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай кемінде 17 іс-шара өткізілді. Қамтылған адам саны – 2 200.

Іс-шаралар Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінде жоспарланып қалалық білім бөлімі, тілдерді оқыту орталығы, қалалық мәдениет үйі, қалалық орталық кітапхана, қалалық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп өткізілген көрінеді. «Қосшы қаласы әкімдігі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 4-1-тармағына сәйкес, Қосшы қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы бірлескен Қосшы қаласы әкімдігі қаулысы мен Қосшы қаласы мәслихатының шешімін, экономикалық есепті Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық ономастикалық комиссиясының отырысында қарастыру үшін жолдады», – деп мәлімдеді Қосшы қаласының Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы.

Қосшы қаласында 19, 20 шағын аудан және 016 кварталда атауы жоқ 30 көше бар, бұл көшелерде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде.

Ономастикалық жұмыстар Астрахан ауданында да қарқынды жүріп жатыр.  Ономастикалық жұмыс туралы Астрахан ауылдық округ әкімдерінің кеңесінде Астрахан ауданының  елді мекендерінің атауларын және көше атауларын қайта атау бойынша  түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілерінде ауданның ономастикалық жұмысы, Ирина Бекзатқызының «Ақмола облысының тарихи топонимдері» кітабындағы Астрахан ауданының елді мекендерінің  бұрынғы атаулары  туралы деректері жарияланды. Аудандық «Маяк» газетінің № 11 басылымында Омбы  облыстық тарихи мұрағатының қорынан алынған Ақмола облысының байырғы жер-су атаулары туралы, оның ішінде нақты Астрахан ауданындағы елді-мекендердің «Тарихи атулары» туралы деректері жарияланды.

2022-2025 жылдарга арналған   жол картасы бойынша, 2022 жылы Астрахан ауданында    Жалтыр ауылының 28 көшесін, Новочеркасское ауылының 6 көшесін қайта атау бойынша жұмыстар жүргізілді. Олар облыстық ономастикалық комиссияның оң қорытындысын алды және Ақмола облысының Әділет департаментіне тіркеуге  берілді. Алдағы уақытта  Новочеркасское, Колутон, Оксановка ауылдарын қайта атау бойынша ауылдық округтердің әкімдерімен жұмыс жүргізіледі.

 

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img