spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Қазақ елі дамуының жаңа да жауапты кезеңін бастаймыз!

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін (21 қыркүйек 2022) жариялаған Үндеуі Жаңа Қазақстан құрудың нақтылы әрі үмітті бағдарламасы есебінде қабылдануы керек!

Жаңа Қазақстан әуелі конституциялық реформа жасаудан басталып жатқаны анық! Биылғы 5 маусымда Бүкілхалықтық референдум өткізіліп, Ата Заңға Президент ұсынған өзгерістерді халықтың басым көпшілігі қолдаған болатын. Сол өзгерістер Заң жүзінде бекітілді! Енді біз жаңа да жауапты кезеңге шығып отырмыз!

Мемлекет басшысы өз Үндеуінде еліміздің саяси жүйесіне біраз өзгерістер енгізіліп, «Биылғы жыл жан-жақты реформалар мен нақты өзгерістер жылына айналды.

Маусым айында өткен референдумның нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады.

Мемлекет «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасын берік ұстанады», – деп атап көрсетті.

Алдағы уақытта мәжіліс пен мәслихаттар жаңа аралас жүйе бойынша жасақталуы, депутаттардың бір бөлігі партиялық тізіммен, қалғаны бір мандатты округтен сайланатындығы қазақстандық қоғамның демократиялық үрдістерді тереңдете түсуге ықпал етері сөзсіз.

Конституциялық сот құрылып, алдағы қаңтар айынан жұмыс істей бастайды.

Ал енді адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының конституциялық мәртебеге ие болуы әрқайсымыздың конституциялық құқымыздың сақталуына, қорғалуына кепілдіктің күшейе түскені. Бұл мәселені Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өз ынтасымен Ата Заңға енгізіп отырғанын атап көрсету керек.

Ұзақ жылдардан бері билікті бір қолға шоғырландырмау мәселесі айтылып та келгені бар. Осы орайда Мемлекет басшысы «Биліктің бірқатар өкілеттігі қайта бөлініп, кейбір құзыреттер Президенттен Парламентке берілді. Енді өңірлердің әкімдері баламалы жолмен таңдалады», – деп халықтың көкейіндегі ойдың жүзеге асырылатындығын өз Үндеуінде мәлімдеп отыр.

Бұл өте маңызды қадам. Ендігі арада әкімді таңдау халықтың өзінде! Бұл екі тараптың да жауапкершілігін қажет етер. Елге қызмет ете білер және де іскерлігі мен адами қасиеті жоғары абыройлы адам таңдау бәрінен де жоғары тұрғаны жөн. Ағайыншылық пен рушылдық және жершілдік опа бермесіне көз жетті ғой

Жабал ЕРҒАЛИЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img