spot_img
Сенбі, Сәуір 19, 2025
-2.5 C
Kokshetau

Тоқаев: Бидай мен мал сатып отыратын заман емес

Сондай-ақ...оқыңыз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек. Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді. Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, шаруалардың өзара ұжымдасуы ауыл шаруашылығын дамытуға жол ашады.

«Біз осындай пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Оған қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артып, өнім берген. Ал мал басы шамамен 25 пайызға көбейген. Әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, оң тәжірибені бүкіл өңірге біртіндеп тарату қажет. Бұл салада озық технологиялар тапшы», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика