spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Көкшетау қаласында бүгінде көзі тірі 14 соғыс ардагерлері тұрады

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлерін, көкшетаулықтарды  9 мамыр Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда  Көкшетау қаласында 14  Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұрады.

Олар: Кенжебек Ақумбаев, Казимир Борисович Беймарт, Василий Кондратович Горбонос, Асылбек Жазиұлы Дәулетов, Николай Яковлевич Дериглазов, Саттар Жақанов, Есқожа Бегалинұлы Итжанов, Мырзағали Тыныбекұлы Қажымов, Александр Тимофеевич Кияткин, Елдес Әмренұлы Қоңыров, Әлімгерей Мәженов, Валентина Емельяновна Мазурова, Илья Тимофеевич Марченко, Петр Гордеевич Шаталов.

Биыл 2020 жылы облыстың барша ардагерлеріне 1 миллион теңгеден сыйақы берілді.

– Адамзат тарихындағы ең қасіретті де қанды майдан аяқталғаннан бері 75 жыл өтті, онда біздің аталарымыз бен апаларымыз туған жерін жаудан қорғады және әлемді фашизмнен азат етті.
Ұлы Отан соғысындағы жеңіске майдангерлердің теңдесіз ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің жанқиярлығының арқасында жеттік.
Бұл жалпыұлттық ерлік, ол аға ұрпақтың рухының беріктігі мен қайсарлығы, жанқиярлығы, халқымыздың еңбектегі ерлігінің жарқын көрінісі ретінде кейінгі ұрпақтың жадында мәңгі сақталады.
Біз олардың ерлігін, Отанымыздың алдындығы парызға деген адалдығы мен сүйіспеншілігін әрдайым жүрегімізде сақтаймыз.
Ер-азаматтарымыз қан майданғанда аттанғанда елде қалып, тылда еңбек еткен негізінен әйелдер, қариялар мен балалар болды. Бар ауыртпалық соларға түсті. Оларға демалмастан, ұйқысыз өндірісте жұмыс істеп, егін өсіріп, елді азық-түлікпен қамтамасыз етуге тура келді.
Сіздермен біздің басты міндетіміз, болашақ ұрпақтың парызы –қымбатты ардагерлерімізге құрмет көрсетіп, дәріптеу.
Біздің Отан қорғаушыларымыздың даңқы мәңгілікке арта берсін! Соғыс және еңбек ардагерлеріне мың тағзым! Ұлы Жеңіс жолында өз өмірлерін құрбан еткен боздақтардың жарқын бейнесі ұмытылмайды!
Құрметті ардагерлер!
Сіздердің ержүректіліктеріңіз бен батылдықтарыңыз, табандылықтарыңыз, қажырлы еңбектеріңіз, отансүйгіштіктеріңіз ұрпақтарымызға лайықты үлгі болып саналады.
Сіздерге ұзақ өмір, денсаулық, әр отбасында бейбітшілік пен келісім болсын,-делінген қала әкімнің құттықтау сөзінде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img