spot_img
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
23.2 C
Kokshetau

Ақмолада бірқатар кәсіпорындар жұмысын жалғастырады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада 4 мамырдан бастап карантин шараларының жаңа бәсеңдеуі басталады. Бірқатар салалар бойынша кәсіпорындардың жұмысы жанданатын болады. Бұл туралы Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлім етті, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бүгіннен бастап кешкі сағат 17.00-ге дейінгі шектеумен аумағы 500 шаршы метрден аспайтын азық-түлік сатпайтын дүкендерге де жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сонымен қатар, фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер, жылжымайтын мүлік сату орталықтары, жарнама агенттіктері, адвокаттық кеңселер, шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, ақша айырбастау пунктері, ақпараттық-коммуникациялық технология компаниялары,  зоодүкендер мен ауыл шаруашылығына арналған жем-жөп сататын нысандар өз қызметін жалғастыра алады. 20 орыннан аспайтын қоғамдық моншалар, сауналар ашылады, – деді Айнагүл Мусина.

Қаулыға сәйкес аталған бәсеңдету шаралары Ақкөл ауданының Ақкөл қаласы, Аршалы ауданының Аршалы кенті, Егіндікөл ауданының Егіндіккөл селосы, Целиноград ауданының Қосшы, Аққайың, Қараөткел, Приречное, Шұбар ауылдарынан басқа облыстың барлық өңірінде әрекет етеді.

Жалпы Ақмола облысында карантин шараларын шектеу сәуір айының соңында басталған. Өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысымен тұрғындарға үйдің айналасына серуендеуге рұқсат беріліп, облыс орталығында саяжайларға бару үшін қоғамдық көліктер ұйымдастырылған. Сондай-ақ, шаштараздар, медициналық орталықтар, кір жуу және химиялық тазарту орындары, құрылыс компаниялары, екінші деңгейлі банктер басқа да нысандар жұмысы қалыпқа келтірілген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Jas Keñes Sıylığı – 2025» жастар премиясы талқыланды

Жастардың кәсіби жетістігін қолдауға бағытталған «Jas Keñes Sıylığı – 2025» сыйлығының маңызы мен жаңашылдықтары кеңінен таныстырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика