spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолалық мемлекеттік қызметшілердің оң имиджің қалытастыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекеттік қызметшілердің жұртшылық арасында жағымды имиджін қалыптастырып, этикалық нормаларға сай болуы мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі. Ақмола облысыңда бұл үрдіс қатаң қадағалануда. Ақжағалылардың имиджіне қойылатын негізгі талаптар Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлығымен бекітілген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде және Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттары белгіленген.

«Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбетімен қоса адами қасиеттері де халық көңілінен шығатындай тартымды болуы керек»-, дейді Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі, Айнагүл Жәнәділова.

«Мемлекеттік қызметшілердің және жалпы мемлекеттік органдардың барлық басшыларының жұмысы бойынша биліктің пәрменділігін, оның қарапайым адамдардың қажеттіліктері мен ұмтылыстарына жауап беру қабілетін бағалайды. Демек, мемлекеттік қызметшілердің мойнында үлкен жауапкершілік тұр. Адамның сыртқы келбетін де, оның психологиялық түрі де уақыт пен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыра білуі қажет»,- дейді спикер.

Ең көп әдеп бұзушылықтар көбінесе халыққа қызмет көрсету орталықтарында орын алады.
2021 жылдың соңында Ақмола облысы әкімнің алғыс хатымен 6 ауданның үлгілі қызметшілері марапатталды.

Камила Әбделманова
Фото: Рамиль Дусумов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img